«Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 31 наурыздағы № 1051 Жарлығы
Осы редакция 2009 жылғы 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елдің агроөнеркәсіп кешенін ғылыми қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.