Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және
екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 12
сәуірдегі № 53, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бірлескен қаулысы
(2008.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің айқындық дәрежесін көтеру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына және "Қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес, Агенттікке екінші деңгейдегі банктер ұсынған "Бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы мәліметтер" және "Басқа заңды тұлғалардың капиталға инвестициялары" есептерінің нысандарын бекітсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нысандар бойынша, ай сайын, есеп бергеннен кейінгі айдың төртінші жұмыс күнінде Астана қаласының уақытымен 18.00-ден кешіктірмей.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.27.08 № 310 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред. қара)
3. Есептер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.