"Қылмыс жасаған тұлғалар туралы" № 2-Л нысанды статистикалық есепті
құрастыру бойынша Нұсқаулықты бекіту және іске қосу туралы Қазақстан
Республикасы Бас Прокурорының 2003 ж. 31 қазандағы № 63 бұйрығы
(ҚР Бас Прокурорының 01.10.04 ж. № 48 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 жылғы 25 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
13.11.2003 жыл
Қылмыс туралы статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
1. Бекітілсін:
1) "Қылмыс жасаған тұлғалар туралы" N2-Л нысанды статистикалық есеп 1 қосымшаға сәйкес;
2) "Қылмыс жасаған тұлғалар туралы" N2-Л нысанды статистикалық есепті құрастыру мен қалыптастыру бойынша Нұсқаулық 2 қосымшаға сәйкес.
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (Р.С.Хайруллин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге алу үшін шаралар қолдансын.
3. Бұйрық құқықтық статистика субъектілеріне, Бас әскери прокурорға, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке және оның аумақтық бөлімшелеріне, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.