(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ 2004.03.03 № 3-1-618Қ ҚАУЛЫСЫ

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы
Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ Қаулысы

(2008.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 17 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 № 23-698қ қаулысымен преамбула жаңа редакцияда ; Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 23-266қ Қаулысымен преамбула  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 № 23-698қ қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда ; Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 ақпандағы № 23-266қ Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Астана қаласының Қаржы департаменті қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 3-1-576қ «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 7 сәуірінде № 254 болып тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 47 «Астана ақшамы»; 2003 жылғы 19 сәуірде № 43 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.

 

Астана қаласының әкімі

Т. Досмұханбетов

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.