10. Осы баптың 1 - 7-тармақтарында көрсетілген резидент еместерді салық төлеуші ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 561-бабы 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.
11. Осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған резидент еместің тіркеу куәлігі осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша салық органында, резидент емес талап еткенге дейін сақталады.
12. Осы баптың 1 - 7-тармақтарында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі бар резидент еместерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы әділет органдарына сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында электрондық хабарлама жібермейді. Бұл ретте осы Кодекстің 561-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
563-бап. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер
базасындағы тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру
1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне:
1) жеке тұлғаның - Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) резидент заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
3) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері өзгерген кезде осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің - осындай резидент туралы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
5) Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдігінің - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
6) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын резидент еместің - тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;
7) резидент банкте ағымдағы шоты бар резидент емес жеке және заңды тұлғаның - банк хабарламасының негізінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту осы Кодекстің 581-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде берілген банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
4. Жеке тұлға тұрғылықты (болу) жері өзгерген кезде жаңа тұрғылықты жері бойынша салық органына салық төлеушінің тұрғылықты (болу) жерінің өзгергенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін өз бетінше салықтық өтініш беруге құқылы.
5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына - өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
6. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
564-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің
мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау
1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде мынадай себептер бойынша:
1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;
2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрғылықты тұратын жерге кетуі;
3) заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастау немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;
4) резидент еместің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;
5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;
6) егер осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай резидент еместің жылжымайтын мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;
7) шетел мемлекетінің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі қызметінің тоқтатылуы;
8) осы Кодекстің 191-бабы 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы резидент еместің қызметін тоқтатуы;
9) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент еместің банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент банкте резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы бойынша шығарып тастайды.
2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 3) - 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау мақсатында әділет органдарына:
1) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
2) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент еместі - энергетика және минералды ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сату туралы мәліметтерінің негізінде;
3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
4) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шетел мемлекетінің өкілдігін - сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шетел мемлекеті өкілдігінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;
5) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген резидент еместі - тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;
6) резидент банктерде ағымдағы шоттары бар резидент еместі - резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасының негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.
3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген резидент еместер туралы мәліметтер көрсетілген электронды хабарламаны әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастауды сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде салық төлеушінің орындалмаған салық міндеттемесі болмаған кезде жүргізеді.
§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебі
565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат
ретінде тіркеу есебіне қою
1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізеді.
2. Салық органдары қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында дара кәсіпкер ретінде жол берілмейтін жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізбейді.
3. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде орналасқан жері бойынша жүргізеді.
Жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке түпнұсқаларын ұсына отырып, мынадай құжаттардың:
жеке басын куәландыратын құжаттың;
жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның;
жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі.
Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
4. Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың,
адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту
1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустің, адвокаттың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:
1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері;
2) жеке нотариустың, адвокаттың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына тапсыруға міндетті.
3. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке:
1) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттарды;
2) жекеше нотариус, адвокат - осы Кодекстің 565-бабы 3-тармағында белгіленген құжаттарды қоса береді.
4. Салық органы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстыра отырып жүргізеді.
5. Салық органы жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат
ретінде тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
3. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.
§ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі
568-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс.
Мыналар: мемлекеттік мекемелер;
осы Кодекстің 411, 420 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.
2. Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
резидент емес солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күнінен бастап;
салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
басқа салық төлеушілер - ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін салық төлеушінің айналымына осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, мынадай:
1) Қазақстан Республикасында тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым кіреді.
Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 236-бабына сәйкес айқындалады.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші айналымның мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.
4. Сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не егер құрылтайшы сенімгерлік шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайларда сенімгер басқарушыны қосылған құн салығы бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
5. Ең төменгі айналым тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшерін құрайды.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар, егер осы бапта өзгеше көзделмесе қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оларды пайдалану құқығын растайтын құжат салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
Орналасқан жерді растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күні мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.
9. Салық төлеуші осы баптың 8-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған жағдайда, осы Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодектің 611-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
569-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 568-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
мемлекеттік мекемелердің;
Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;
осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғалардың, тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша құқығы жоқ.
Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
3. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі бар болғанда:
салық төлеуші осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда;
2) аталған салық төлеуші салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;
3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында белгіленген құжаттар тапсырылмаса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.
4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
570-бап. Қосылған құн салығы бойынша
тіркеу есебіне қою туралы куәлік
1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қатаң есептілік бланкісі болып табылады және салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге қолын қойдырып беріледі.
Куәлікті беру қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті беру журналында тіркеледі.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік мынадай міндетті деректемелерді:
1) салық төлеушінің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;
4) салық органының қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікке қол қойған күнімен оны беру күнінің сай келуін;
5) куәлік берген салық органының атауын қамтиды.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады.
4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік, салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиіс.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жоғалтқан (бүлдірген) жағдайда куәлікті ауыстыру салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізіледі. Қосылған құн салығын төлеушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген кезде куәлікті ауыстыру осы Кодекстің 563 және 566-баптарында көзделген тәртіппен салық төлеушінің тіркеу деректері өзгерген кезде жүргізіледі.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлік берілген кезде бұрынғы куәліктің бланкісі, салық төлеуші аталған куәлікті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.
571-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
1. Егер салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке мынадай құжаттар:
1) салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің түпнұсқасы;
2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
3. Салық органдары салық төлеушіні осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабардар етпестен мынадай:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң табыс етпеген;
2) салық органы осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша нақты болмау фактісін растаған;
3) сот үкімінің заңды күшіне енген не қаулысы негізінде қосылған құн салығын төлеуші жалған кәсіпорын деп танылған жағдайларда жүргізіледі.
5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша:
осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап;
салық органы соттың салық төлеушіні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен: