«Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2009 жыл 30 маусым) (Жоба) (күші жойылды)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 маусымдағы № 1013 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

Қабылданды - ҚР 2010 жылғы 15 шілдедегі № 334-ІV Заңын қара

 

1-бап. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 11, 155-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бапта:

төртінші абзацтағы «мен жұмылдыру» деген сөздер алып тасталсын;

алтыншы абзацтағы «орындау» деген сөзден кейін «, бейбіт уақытта ізгілік көмек көрсету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:

«жұмылдыру даярлығын бағалау - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамада белгіленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтері мен талаптарына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейі сәйкестігінің дәрежесін айқындау;

уақытша қайта тиеу ауданы - әскерлер мен әскери жүктерді көліктің бір түрінен екіншісіне қайта тиеуді жүзеге асыратын жергілікті жер учаскесі.»;

2) 4-бапта:

5) тармақшадағы «әскери міндетті азаматтарды» деген сөздер «әскери міндеттілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшадағы «немесе олардың мүдделеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының мүдделеріне пайдалануға» деген сөздер «, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге ұйымдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;»;

4) 7-бапта:

1) тармақшадағы «жалпы» деген сөз алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.