(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ 01.01.01 Ж. № 1 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені
қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2001 жылғы 1 қаңтардағы № 1 бұйрығы

(2008.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2008.15.03. № 97 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847, 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1287 және 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1093 қаулыларымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені басшылыққа алуды және орындауды жариялай отырып, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені қолданудың тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

ҚР Ішкі істер министрінің 23.07.04 ж. № 428 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2008.15.03. № 97 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, Ішкіісминнің орталық аппараты Департаменттерінің, дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалалары, облыстардағы және көліктегі Ішкі істер департаменттерінің, Ішкіісминнің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, бастықтары:

1) Ішкі істер органдарындағы жұмысқа үміткерлер лауазымдар санаттары бойынша біліктілік талаптарына сай болуы керек.

2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде және Нұсқаулықта жазылған талаптардың бұлжытпай орындалуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.