Осы редакция 2005 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің 2002 ж. 19 сәуірдегі
№ 1 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің регламенті
І-тарау
Конституциялық іс жүргізуді қозғаудың және қарауға берілетін материалдарды дайындаудың тәртібі
1-бап. Конституциялық іс жүргізуді қозғау негіздері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында аталған субъектілердің өтініші конституциялық іс жүргізуді қозғауға себеп болып табылады. Өтініш екі тілде (мемлекеттік және орыс) және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы 22-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуге тиіс.
Келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен Конституциялық Кеңес аппаратының жалпы бөліміндс тіркеледі. Өтініш қай күні сағат 15-00-ге дейін Кеңеске келіп түссе, сол өтініштің түскеы күні болып есептеледі.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 22-бабы талаптарын бұза отырып Кеңеске түскен өтініштерді, Кеңес аппаратының жалпы бөлімі тіркеу рәсімінсіз өтініш субъектілеріне кері қайтарады.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Конституциялық Кеңеске ведомстволық қарасты мәселелер бойынша өтініштері Конституциялық Кеңестің Төрағасына беріледі, Төраға олардың одан арғы қозғалысын белгілейді. Төраға Кеңес мүшелерінің біріне келіп түскен өтініш бойынша ұсыныс дайындауды тапсырады.
3-бап. Өтінішті іс жүргізуге қабылдау немесс қабылдаудан бас тарту
Конституциялық Кеңестің Төрағасы түскен өтінішті Кеңестің қарауына енгізеді, оның отырысы, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде өткізіледі. Конституциялық Кеңес, өтінішті зерделеп және Кеңес мүшесінің ұсынысын тыңдап, іс жүргізуге қабылдайды немесе қабылдаудан бас тартып, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлықтың 25-бабында көзделген негіздер бойынша оны кері қайтарады.