(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ 2002.19.04 № 1 ҚАУЛЫСЫ

Осы редакция 2009 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық

Кеңесінің 2002 ж. 19 сәуірдегі

№ 1 қаулысымен бекітілді

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
регламенті

(2005.31.03. берілген өзгерістермен)

 

 

ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.31.03. № 9-3/I Қаулысымен мәтініндегі «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы» және «Жарлықтың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы» және «Конституциялық заңның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

І-тарау

Конституциялық іс жүргізуді қозғаудың және қарауға берілетін материалдарды дайындаудың тәртібі

 

1-бап. Конституциялық іс жүргізуді қозғау негіздері

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында аталған субъектілердің өтініші конституциялық іс жүргізуді қозғауға себеп болып табылады. Өтініш екі тілде (мемлекеттік және орыс) және Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуге тиіс.

 

2-бап. Өтініштерді тіркеу

 

Келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен Конституциялық Кеңес аппаратының жалпы бөліміндс тіркеледі. Өтініш қай күні сағат 15-00-ге дейін Кеңеске келіп түссе, сол өтініштің түскеы күні болып есептеледі.

Жоғарыда аталған Конституциялық заңның 22-бабы талаптарын бұза отырып Кеңеске түскен өтініштерді, Кеңес аппаратының жалпы бөлімі тіркеу рәсімінсіз өтініш субъектілеріне кері қайтарады.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Конституциялық Кеңеске ведомстволық қарасты мәселелер бойынша өтініштері Конституциялық Кеңестің Төрағасына беріледі, Төраға олардың одан арғы қозғалысын белгілейді. Төраға Кеңес мүшелерінің біріне келіп түскен өтініш бойынша ұсыныс дайындауды тапсырады.

 

3-бап. Өтінішті іс жүргізуге қабылдау немесс қабылдаудан бас тарту

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.