Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 918 Қаулысы
(2009.18.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Әбу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) «Боинг-757» және «Боинг-767» ұшақтарындағы техникалық жұмыстарды сүйемелеу және қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 тамыздағы № 1218 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлері:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2009 жылғы 22 - 30 маусым кезеңіне;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2009 жылғы 27 шілде - 11 тамыз кезеңіне Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2009 жылғы 16 маусымдағы
№ 918 қаулысына
1-қосымша
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерінің құрамы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 маусымдағы
№ 918 қаулысына
2-қосымша
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерінің құрамы