(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 11.12.2008 № 114 ...

2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 114 шешімі

(2009.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.29.01. № 134 шешімімен (бұр.ред.қара); Қызылорда облыстық мәслихатының 2009.13.04. № 152 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.21.04. № 156 (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 89 595 518 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 15 698 127 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 663 223 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3 500 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 73 230 668 мың теңге;

2) шығындар - 90 433 682 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 487 574 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 815 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 327 426 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 482 160 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 1 077 160 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 807 898 теңге;

6) бюджет тапшылығы қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 807 898 теңге.

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:

жеке табыс салығы: аудандар бюджеттерден - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;

әлеуметтік салық аудандар бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.

3. Аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялардың көлемі 15 839 803 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

 

 мың теңге

 

Арал ауданы

2 695 255

Қазалы ауданы

2 836 947

Қармақшы ауданы

1 925 079

Жалағаш ауданы

1 613 195

Сырдария

1 367 849

Шиелі ауданы

2 499 141

Жаңақорған ауданы

2 902 310

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.