Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 1108 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде:
бірінші абзацтағы «Алматы қалалары және Алматы облысында» және «Астана қалаларында және Алматы облысында» деген сөздер тиісінше «Алматы қалаларында, Ақмола және Алматы облыстарында» және «Астана қалаларында, Алматы және Ақмола облыстарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацта:
бірінші сөйлемдегі «және Алматы қалаларындағы» деген сөздер «, Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде:
«Қосымша шаралар» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 13-1-жолдың 2-бағанындағы «және Алматы қалаларындағы» деген сөздер «, Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 519 қаулысында:
тақырыбында және 2-тармақта «және Алматы қалаларындағы» деген сөздер «, Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен мақұлданған Астана және Алматы қалаларындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өтеусіз уақытша пайдалануға ақша беретін құрылыс салушылардың тізбесінде:
тақырыбындағы «және Алматы қалаларындағы» деген сөздер «, Алматы қалаларындағы және Алматы облысындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44-жолдармен толықтырылсын:
«