Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 шілдедегі
№ 1148 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 107-5-жол алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 123-83, 123-112, 123-113-жолдар алынып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 217-4-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 222-38, 222-39-жолдар алынып тасталсын.
3. «Қазына орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 937 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 435-құжат):
3-тармақ алынып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қазандағы № 961 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 39, 451-құжат):
4-тармақ алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат):
7-тармақтың 2) тармақшасындағы «пакетін» деген сөзден кейін «кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын.