«Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 Бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 506-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер;

2) Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар бекітілсін.

2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м. а.

А. Евниев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушысының

2009 жылғы 12 маусымдағы

№ 344 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи

 аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеу

ережесі

 

1. Осы Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорында (бұдан әрі - МОҚ) және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (бұдан әрі - ЕҚТА) орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеу тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.