«IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XІХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 220 шешімі (күші жойылды)

IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XІХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы № 220 шешімі

 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXIII сессиясының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 260 шешiмiмен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына және Алматы қаласы әкімінің ұсынысына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» № 119 шешіміне (нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 14 тамызында № 781 нөмірмен тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2008 жылғы 21 тамыздағы № 95 санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2008 жылғы 21 тамыздағы № 100 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерінің:

11 тармағының:

«1 тармақшасы төмендегідей редакцияда берілсін:

1) жасыл желектер мәселесі бойынша тапсырыстарды (өтініштерді) төмендегідей ретте қарастырады:

Тапсырыстарда (өтініштерде) көрсетілген жерге барып жасыл желектерді анықтайды, олардың тұқымдық құрамы, жасы, сапалық жағдайы нақтыланады;

Алматы қаласының аумағында жасыл желектерді санитарлық кесуге (іріктемелік, жаппай), амалсыз кесуге, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға, санитарлық қырқуға, ландшафтық кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға актілерді рәсімдеу мен рұқсаттарды беру, тексеру жүргізу, рұқсат материалдарын дайындауды жүзеге асырады (№ 1, № 2, № 3 қосымшалар)»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.