Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының
2009 жылғы 6 тамыздағы № бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған
нұсқаулық
ДИАЗОЛИН® (DIAZOLINUM®)
Саудалық атауы
Диазолин®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мебгидролин
Дәрілік түрі
0,1 г таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - диазолин 0,1 г,
қосымша заттар: лактоза, рафинад қанты, картоп крахмалы, кальций стеараты, медициналық төмен молекулярлы поливинилпирролидон.
Сипаттамасы
Түсі ақ немесе ақ крем, немесе ақ жасылтым реңді, беті тегіс, сызығы және ойығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған басқадай гистаминге қарсы дәрілер.
ATЖ коды R06A X15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ас қорыту жолдарынан жылдам сіңеді. Биожетімділігі 40 - 60 % шамасында болады. Емдеу әсері 15-30 минут өткен соң дамиды, ең жоғарғы әсері 1-2 сағаттан кейін байқалады. Препарат іс жүзінде гематоэнцефалиялық кедергі (ГЭК) арқылы өтпейді, бауырда метилдену жолымен метаболизденеді, бауыр ферменттерін демейді, организмнен бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Диазолин® гистаминге қарсы препараттарға жатады, H1-гистаминдік рецепторлар бөгегіші болып табылады. Диазолин® бронхтың, ішектің тегіс бұлшықеттеріне қатысты гистаминнің спазм тудыратын әсерін, сондай-ақ оның тамырларға өткізгіштік әсерін босаңсытады. Гематоэнцефалиялық кедергі (ГЭК) арқылы елеусіз мөлшерде өткендіктен айқын тыныштандыратын және ұйықтататын әсер етпейді.
Қолданылуы
- маусымдық және аллергиялық риниттің алдын алуда және емдеуде
- поллинозда
- есекжемде
- Квинке ісінуінде
- тамаққа және дәріге аллергияда
- терінің қышуымен жалғасатын дерматозда (экзема, нейродермит) және басқадай аллергиялық жағдайларда.
Қолдану тәсілдері және дозалар