Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 26, 31-баптарына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы туралы» Заңының 7, 9, 11-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Адам және жануарлар үшiн ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережесi бекiтiлсiн.
2. Ветеринария департаментi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бiрге, заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринария департаментiне (Қожамұратов А.Ә.) жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
| Министр |
|
|
|
|
|
|
|
|
| С.А. Үмбетов |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 5 қарашадағы
№ 632 бұйрығымен бекітілген
Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың
(бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша
ветеринариялық- санитариялық және санитариялық-
эпидемиологиялық ережелері
1. Жалпы мәліметтер