«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысы
(2007.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдiк келісім-шарт;
ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен 2 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейде қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесi;
3) Инвестициялық преференцияларды уәкiлеттi орган беретiн инвестициялардың ең жоғарғы көлемi және инвестициялық салық преференцияларының қолданылу мерзiмдері;
4) Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2003 жылғы 8 мамырдағы
№ 436 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық преференцияларды көздейтiн
инвестицияларды жүзеге асыруға арналған
МОДЕЛЬДIК КЕЛIСIМ-ШАРТ
Астана қаласы ______ _______ _______
(күні, айы, жылы)
Осы Инвестициялық преференцияларды көздейтiн, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған
келісім-шарт, бұдан әрi Тараптар деп аталатын
________________________________ негiзiнде әрекет eтeтiн
(Ереже немесе Бұйрық)
________________________________________________________________
(бұдан әрi - Уәкiлеттi орган)
________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның атауы)
__________________________________________________________ атынан
(басшының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның аты-жөнi)
________________________________________________________________