Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 125
«2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі № 206 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, 106 бабының 4 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3279 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 6-7 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 125 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3280 тіркелген, 2009 жылғы 7 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 31-32 жарияланған 2009 жылғы 6 ақпандағы № 153, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3288 тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 55-56 жарияланған 2009 жылғы 18 сәуірдегі № 181 шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды еске ала отырып), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақшасында:
кірістер
«78 899 236,2» деген цифрлар «80 387 307,2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша
«26 841 584» деген цифрлар «28 329 655» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар
«78 165 371,7» деген цифрлар «80 145 465,4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредит беру
«-69 790,6» деген цифрлар «-1 158 790,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер
«1 188 000» деген цифрлар «1 088 000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бюджеттік кредиттерді өтеу
«1 257 790,6» деген цифрлар «2 246 790,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақшасында:
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо
«973 000» деген цифрлар «1 569 446» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу
«973 000» деген цифрлар «1 569 446» деген цифрлармен ауыстырылсын;
5) тармақшасында: