Жеміс-көкөніс өнімдері титрленетін қышқылдылықты анықтау. ҚР СТ 1621-2007

Жеміс-көкөніс өнімдері титрленетін қышқылдылықты анықтау

 

ҚР СТ 1621-2007

 

1 Қолданылу саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Әдістің маңызы

4 Сынаманы іріктеу және дайындау

5 Аппаратуралар, материалдар және реактивтер

6 Сынаққа дайындық

7 Сынақты жүргізу

8 Нәтижелерді өлшеудің дәлдігін бағалау

9 Нәтижелерді рәсімдеу

 

 

 

1 Қолданылу саласы

 

Осы стандарт жеміс-көкөніс өнімдеріне таралады және жеміс-көкөніс өнімдерінің титрленетін қышқылдылығын анықтаудың екі әдісін айқындайды:

- потенциометрлік сілтеме әдісі;

- түрлі-түсті индикаторды қолдану арқылы көзбен шолу әдісі (боялмаған және ашык боялған өнімдер үшін).

Соңғы әдіс шараптар мен газдалған өнімдерге қолданылмайды.

 

 

2 Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:

ҚР СТ ИСО 17025 2001 Сынақ және мөлшерлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар.

ГОСТ 1770-74 Өлшеуіш зертханалық шыны ыдыс. Цилиндрлер, өлшектер, құтылар, сынауыктар. Жалпы техникалык талаптар.

ГОСТ 4328-77 Реактивтер. Натрий гидрототығы. Техникалык талаптар.

ГОСТ 5556-81 Медициналык ылғал тартқыш мақта. Техникалық талаптар.

ГОСТ ИСО 5725-1-2003 Өлшеулердің әдістері мен нәтижелерінің дәлдігі (дұрыстығы мен дәлдігі). 1-бөлім. Негізгі ережелер мен анықтамалар.

ГОСТ 12026-76 Зертханалық сүзгіш қағаз. Техникалықталаптар.

ГОСТ 21400-75 Химиялык-зертханалык шыны. Техникалык талаптар. Сынақгар әдісі.

ГОСТ 25336-82 Зертханалык шыны ыдыстар мен жабдықтар. Типтері, негізгі параметрлері және өлшемдері.

ГОСТ 26313-84 Жемістер мен көкөністерді кайта өңдеу өнімдері. Қабылдау ережесі, сынамаларды іріктеу әдістері.

ГОСТ 26671-85 Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдері, ет және ет-өсімдік консервілері. Сынамаларды зертханалық талдаулар үшін дайындау.

ГОСТ 29251-91 Зертханалық шыны ыдыс. Өлшеуірлер. 1-бөлім. Жалпы талаптар.

 

 

3 Әдістің маңызы

 

3.1 Потенциометрлік әдіс

Әдіс сыналатын ерітіндіні күйдіргіш соданың натрий гидрототығымен рН 8,1 дейін потенциометрлік титрлеуге негізделген.

3.2 Көзбен шолу әдісі

Әдіс зерттелетін ерітіндіні фенолфталин индикаторының болуымен (NaОН) = 1 моль/дм3 бірге натрий гидрототығының ерітіндісімен титрлеуге негізделген.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.