«Қазақстан Республикасының делегациясын Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 1173 Қаулысы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы (Берлин қаласы) Елшілігінің қазіргі ғимаратына өтпелі галереясы бар әкімшілік ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оны салу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 8 - 13 тамыз кезеңіне Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Берлин - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 4 тамыздағы
№ 1173 қаулысына
қосымша
Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының
құрамы
| Сарыева Жұмагүл Қансейітқызы
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Валюта-қаржы департаментінің директоры
|
| Қыстафин Ержан Сансызбайұлы
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаментінің директоры
|
| Уәлиева Жанар Жасұланқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Валюта-қаржы департаментінің бас сарапшысы |