«Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандарының аумағында карантин аймағын белгілеу туралы» Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 90 қаулысы (2007.11.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандарының аумағында карантин аймағын белгілеу туралы
Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 90 қаулысы

(2007.11.06. берілген өзгерістермен)

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 187 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Өсімдіктер карантині туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандары аумағында карантиндік арам-шөп ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007.11.06. № 104 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы қаулыға қосымшадағыға сәйкес Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандарының ауылдық округтері аумағындағы карантиндік арам-шөп ошақтарында карантин аймағы белгіленсін.

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007.11.06. № 104 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандарының карантин аймағынан тыс жерлерге зақымдалған карантинге жататын өсімдік тектес өнімдерді әкетуге шектеу қойылсын.

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007.11.06. № 104 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандарының әкімдері мыналарды қамтамасыз етсін:

1) тұрғындарға және ауылшаруашылығы құрылымдарының басшыларына карантин режимі жарияланғандығы және карантиндік объектілерді жою жөніндегі шаралар туралы хабарласын;

2) аудандардың тиісті аумақтарында карантиндік іс-шараларды ұйымдастырсын және жүргізсін;

3) өсімдік карантині мамандарына анықталған ошақтарды зерттеу, оқшаулау және жою жөніндегі шараларды жүргізуде көмек көрсетсін;

4) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да қажетті шараларды алсын.

4. Облыс әкімдігінің «Зеленов ауданының аумағында карантин аймағын белгілеу туралы» 2005 жылғы 25 мамырдағы № 171 қаулысы бұзылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. С. Садықовқа жүктелсін.

 

 

Облыс әкімінің міндетін

атқарушы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.