Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рүқсаттарға енгізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 112-Ө Бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған Табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берілетін рұқсаттарға енгізу ережесі бекітілсін.
2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.