«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 тамыздағы № 1218 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 тамыздағы № 1218 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 918 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың үшінші абзацындағы «12 - 20 шілде» деген сөздер «27 шілде - 11 тамыз» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.