«Жуалы аудандық сотының 2007 жылғы 16 тамыздағы үкімін, қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 18 қазандағы қаулысын және қадағалау алқасының 2008 жылғы 1 шілдедегі қаулысын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының 2008 жылғы 20 қазандағы № 4 уп-108-08 Қаулысынан үзінді

Жуалы аудандық сотының 2007 жылғы 16 тамыздағы үкімін, қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 18 қазандағы қаулысын және қадағалау алқасының 2008 жылғы 1 шілдедегі қаулысын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының 2008 жылғы 20 қазандағы № 4 уп-108-08 Қаулысынан үзінді

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы төрағаның, судьялардың, прокурордың, адвокат М.-ның қатысуымен, адвокат М.-ның сотталған А.-ның мүддесін қорғап берген қадағалау шағымы бойынша келіп түскен істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 18 қазандағы, сол облыстық соттың қадағалау алқасының 2008 жылғы 1 шілдедегі қаулыларымен өзгеріссіз қалдырылған Жуалы аудандық сотының 2007 жылғы 16 тамыздағы үкімімен

А. 1974 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, бұрын сотталмаған,

- ҚК-нің 96-бабының 1 -бөлігімен 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленген.

Жазаны өтеу мерзімі 2007 жылғы 11 мамырдан бастап есептелген.

Сот үкімімен сотталған А. 2007 жылғы 4 наурыз күні 20 сағат 30 минут шамасында өзінің әкесінің туған бажасы жәбірленуші А.-ны араларында туындаған бас араздықтың салдарынан оң қолының алақан қырымен мойын тұсына бір рет ұрып және мойнынан оң қолымен құшақтап қысып қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.