«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-ІV Заңы (2025.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

12-1) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) уәкілетті орган - осы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;

14) 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) шет мемлекеттің құзыретті органы - шет мемлекеттің өз заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыратын органы;

2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) іс жүзіндегі қатысуы - банктің басқару органдары мен персоналы бар, банктік қызметке қатысты құжаттарды есепке алу және сақтау жүргізілетін және резидент емес банкке банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия берген уәкілетті органның тексерулері жүргізілетін, тұрақты мекенжай бойынша (электрондық мекенжайдан басқа) орналасқан, банк қызметін жүргізу орны;

17) іскерлік қатынастар - қаржы мониторингі субъектісінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы процесінде туындайтын клиенттермен қатынастар.

 

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-1-бап өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері

1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық тетігін жасау арқылы азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

2. Осы Заңның негізгі міндеттері:

1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау;

2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың жалпыға танылған халықаралық стандарттарға сай келетін тиімді жүйесін құру;

4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу;

5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктердің жасалуын болғызбау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал ететін осалдықтарды анықтауға және жоюға бағытталған шараларды қабылдау;

6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында қаржы мониторингі субъектілерін және мемлекеттік органдардың жұмыскерлерін оқытудың өткізілуін ұйымдастыру;

7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

 

2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 2-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-2-бап өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары

Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

1) баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі, әділдік;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерінен қорғау.

 

 

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу

 

3-бап. Қаржы мониторингінің субъектілері

1. Осы заңның мақсаттары үшін қаржы мониторингінің субъектілеріне:

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын, сондай-ақ айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалар, биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің филиалдары;

2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;

5) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий;

6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;

2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) адвокаттар, заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:

жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;

клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;

банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;

компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;

заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар;

9) ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12) төлем ұйымдары;

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13) - 18) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

13) лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

14) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.

17) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) аумағында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарына сәйкес АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары;

2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

21) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

22) ұялы байланыс операторлары жатады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларындакөрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

 

4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар

2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция:

2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) егер операция сомасы 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 1 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

бәс тігуді, ойын мекемелерінде құмар ойынын және лотереяны, оның ішінде электрондық нысанда өткізу нәтижелері бойынша қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз нысандарда ұтыс алу;

мәдени құндылықтарды қолма-қол ақшалай нысанда сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) егер операция сомасы 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ломбардтардың ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) операцияларды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасауына жататын болса;

2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең, баламалы немесе одан асатын болса не 5 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) шетелге ақшаны аудару, анонимді иеленушіге ашылған шоттан (салымнан) шетелден қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда ақшаның түсуі;

зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату;

оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым жүзеге асыратын, ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызу немесе аудару не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы операциялары;

қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының пайдасына немесе оның атынан клиент ақшамен жасайтын операциялар;

клиент жасайтын, клиенттің пайдасына, клиенттің атынан немесе клиенттер арасында жасалатын цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару;

қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының клиенті жасайтын, клиентінің пайдасына, клиенті атынан немесе клиенттері арасында жасалатын ақшамен операциялар.

Осы тармақшаның жетінші абзацында көзделген талаптар қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушыларына қолданылады.

Цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару кезінде соманың теңгедегі баламасы шетел валютасында тіркелген құны бар цифрлық активті операция жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған валюта айырбастау бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертациялау арқылы, осындай операция жасалған күнгі цифрлық активті айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі;

3) егер операция сомасы 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 7 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;

ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) егер операция сомасы 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 10 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

айырбастау пункттері арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау;

осы тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген қолма-қол ақша нысанындағы жағдайларды қоспағанда, ақшаны клиенттің банктік шотынан алу немесе банктік шотына есепке жатқызу, сол сияқты клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау не клиентке беру;

мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалар қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын операциялар;

сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақша нысанында алу;

қолма-қол ақша нысанында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;

қызмет көрсету, оның ішінде сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беру жөніндегі сейфтік операцияларды қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қолма-қол ақша нысанындағы мәмілелер;

чек немесе вексель бойынша қолма-қол нысанында ақша алу;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;

2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) егер операция сомасы 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 45 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда алу немесе беру;

ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;

6) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялық қарыздары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиент қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын болса;

7) егер шетел валютасындағы операция сомасы баламасында 100 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда клиенттің банктік шотынан немесе банктік шотына аударуға және трансшекаралық төлемге жататын болса;

2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша жасау нәтижесі осындай мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілеге қатысты болса;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

9) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:

операцияны жасау нәтижесі жылжымалы мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымалы мүлікті сатып алу-сату;

мыналарды:

аффинирленген алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізу және бағалы металдардың эталондық үлгілерін сатып алу жөніндегі мәмілелерді;

жер қойнауын пайдаланушылардан өндіруге арналған лицензия негізінде өндірілген бағалы металдарды сатып алу жөніндегі мәмілелерді;

бағалы металдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сатуға байланысты мәмілелерді қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастарды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату;

2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

10) егер клиент қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын, тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәміле бойынша операция сомасы 500 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 500 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, қаржы мониторингіне жатады.

Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.