2. 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысанына және олар жасалған не жасалынатын немесе жасалуы мүмкін сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асыру бағдарламаларына сәйкес немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша операцияларды зерделеу нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісінде клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен не жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер бар болса, операциялар күдікті деп танылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қаржы мониторингіне клиенттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялары жатады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін уәкілетті орган бекітеді және өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;
3) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруді жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: жеке сәйкестендіру нөмірін, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайда), сондай-ақ заңды мекенжайын тіркеп-белгілеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), қызметінің сипатын, сондай-ақ тіркелген немесе орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде), орналасқан жерінің мекенжайын, негізгі қызмет жүргізілетін орнын, қызметінің сипатын, ал трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар, заңды тұлға құрмайтын өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым құрылтайшыларының (қатысушыларының) және бенефициарлық меншік иелерінің (болған кезде) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайын тіркеу;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2) тармақша өзгертілді
2-2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу;
Клиенттің - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында қаржы мониторингінің субъектісі осындай клиенттің құрылтай құжаттарының және акцияларын ұстаушылар тізілімінің, заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері тізілімінің не басқа да көздерден алынған мәліметтердің негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын анықтайды.
Бұл ретте, егер бенефициарлық меншік иесін анықтау кезінде заңды тұлға берген ақпарат заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмеген және мұндай заңды тұлғаның қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, қаржы мониторингінің субъектісі мұндай заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды тоқтатуға немесе оларды орнатудан бас тартуға міндетті.
Клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент - заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент - заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Осы тармақшада көзделген шараларды қабылдау нәтижесінде клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) беретін не өзге де көздерден алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған, оның ішінде скорингтік модульде тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру тәртібін айқындайды.
«Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру не жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайларды қоспағанда, егер клиент Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, сақтандыру ұйымы болып табылса, банктер, сақтандыру ұйымдары, қор биржалары, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында аталған тұлға туралы мәліметтерді анықтамауға және тіркеп-белгілемеуге құқылы;
3) 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту.
Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
Мәліметтерді жаңарту осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда және ішкі бақылау қағидаларымен жүзеге асырылады.
Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мынадай біржолғы операцияларды жүргізу кезінде:
электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелері - жеке тұлғалар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банктің шотына ақшаны есепке жатқызу не көрсетілетін қызметті берушінің пайдасына төлемді жүргізу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент банктік шотты пайдаланбай, қолма-қол ақшасыз төлемді немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай төлемнің немесе ақша аударымының сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға осындай клиенттің банктік шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200000 теңгеден не 200000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы мемлекеттік органдардың пайдасына атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пункттері арқылы құйма түрінде аффинирленген алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не 100 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке және (немесе) заңды тұлға сақтандыру сыйлықақысын төлеу және міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін алу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, қабылданбайды;
2) 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері:
1) клиент салықтарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған;
2) клиенттің банктік шотына ақшаны есепке жатқызған жағдайларда, клиентпен қашықтықтан орнатылған іскерлік қатынастар шеңберінде, трансшекаралық төлемдерді қоспағанда, осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру жөніндегі шараларды қолданбай, операциялар жасауға құқылы.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сондай-ақ салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы.
Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне, бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Заңда көзделген міндеттерді олардың орындауы үшін қажетті мәліметтерді және құжаттарды беруге міндетті.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері осы бапта көзделген шараларды қабылдаған кезде өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанмен клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер алуды қамтамасыз етеді.
Бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді клиенттер (олардың өкілдері) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша береді.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген, тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты қаржы мониторингінің басқа субъектілері, сондай-ақ шетелдік қаржы ұйымдары қолданған шараларға мынадай талаптар сақталған кезде сүйене алады:
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингінің басқа субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы қолданған тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шаралар шеңберінде, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді дереу алуға тиіс;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттелуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөнінде, осы баптың талаптарына ұқсас шаралар қабылдайтын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайтынын белгілеуге тиіс.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай қаржы тобының басқа қатысушылары қолданған, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға мынадай шарттар сақталған кезде сүйене алады:
1) осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар;
2) қаржы тобының қатысушылары тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтайды;
3) қаржы тобының жауапты ұйымы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асырады және қаржы тобы қатысушыларының оларды сақтауын қамтамасыз етеді;
4) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушысы болып табылатын қаржы мониторингі субъектісі клиентінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы ақпаратты және құжаттарды осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімінің болуы.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда және тәртіппен, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелінің дәрежесіне қарай қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын қолданады.
Клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолдану қаржы мониторингі субъектісінің мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруын қамтиды:
1) клиент бойынша сәйкестендіру деректерін жаңарту жиілігін қысқарту;
2) іскерлік қатынастарды тексерудің және клиент осы қаржы мониторингі субъектісі арқылы жүзеге асыратын операцияларды зерделеудің жиілігін қысқарту;
3) операциялар сипаты негізінде іскерлік қатынастардың мақсаттары мен сипатын айқындау.
Қаржы мониторингі субъектісінде іскерлік қатынастардың не клиент жасайтын операцияның мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру болып табылатындығы туралы пайымдауға негіз болған кезде, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі жағдайларында клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылмайды.