Клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану кезінде қаржы мониторингі субъектілері осы баптың 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады:
1) жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау;
2) одан әрі тексеруді талап ететін операцияларды тексерудің және олардың сипатын анықтаудың саны мен жиілігін арттыру;
2-1) қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер алу;
3) ұйымның басшы қызметкерінен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнатуға, жалғастыруға рұқсат алу.
Клиенттерді (оның өкілдерін), бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады.
Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингінің басқа субъектілерін қоса алғанда, өзге адамдарға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген шараларды осындай адамдармен жасалатын шарттар негізінде қолдануға құқылы.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі:
1) осындай адамның шарт талаптарын ескере отырып, қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
2) растау құжаттарының көшірмелерін қоса алғанда, осындай адамнан клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы деректерді уақтылы алуды қамтамасыз етуге;
3) осындай адамның қаржы мониторингі субъектісін ішкі бақылау қағидаларын, сондай-ақ осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтауын бақылауды мерзімділік негізде жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің өзге адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда осындай қаржы мониторингі субъектілерінің атынан қаржылық қызметтерді көрсету шарттарын жасасуға құқық беру жағдайларына да қолданылады.
Шарт негізінде өзге адамға осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген шаралар қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі осындай адамның осы Заңның және клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауы үшін жауапты болады.
Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымына осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) жəне 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін ескеруге міндетті.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын, тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлерді және тауар биржаларының клирингтік орталықтарын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қаржы мониторингі субъектілеріне іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнатуға, егер:
1) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылса;
2) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі өздеріне қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылса;
3) клиент сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйақысы және (немесе) сақтандыру төлемдері банктік шоттар арқылы жүзеге асырылатын электрондық нысандағы сақтандыру шарттарын жасасуын қоспағанда, осы баптың 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдануды талап ететін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылса, тыйым салынады.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шеңберінде Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғаларға қатысты:
1) клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын жүргізу;
2) қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастарды қайта қарау немесе қажеттілігіне қарай бұзу бойынша қосымша шаралар қолдануға міндетті.
Осы баптың 6, 6-1 және 8-тармағында көзделген, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қаржы мониторингі субъектілері Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар тұлғамен іскерлік қатынастар орнатқан жағдайда қолданбайды.
Қаржы мониторингі субъектілері басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, осы баптың 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасауға құқылы емес.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерімен іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап жаңа редакцияда
6-бап. Іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеруі
Осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілері іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолданады.
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі
1. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді.
2. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі мынадай мәліметтерді қамтиды:
2) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны;
5) заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), Қазақстан Республикасы бейрезидентінің жеке басын куәландыратын құжатының деректері, құжаттың түрі, құжатты берген органның атауы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайда), сондай-ақ туған күні мен жері, тұратын жерінің мекенжайы;;
7) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы;
8) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
9) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің меншік үлесінің мөлшері;
10) бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса).
3. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін уәкілетті орган:
1) өзге де мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
2) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты беруі;
3) уәкілетті органның өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жіберуі;
4) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі;
5) қаржы мониторингі субъектілерінің өз қызметі шеңберінде анықталған заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы ақпарат пен мәліметтерді беруі арқылы жүргізеді.
4. Уәкілетті орган бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінен заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесі туралы ақпарат пен мәліметтерді:
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өздерінің бақылауындағы субъектілер бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына;
2) құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға;
3) қаржы мониторингі субъектілеріне беруді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган берген ақпарат дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.
5. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттердi тиiсiнше тексеруі
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалатын операциялар жүргiзілгенге дейiн, осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осындай шаралар іскерлік қатынастар орнатылған кезде қабылданған жағдайды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген шараларды қабылдайды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер мен ақша аударымдарын, сондай-ақ осы Заңның 5-бабы 3-1-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің нұсқаулары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын шетелдік қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыру кезінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары мыналарды:
ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) не толық немесе қысқартылған атауларын (заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін);
егер ақша аударымы банк шотын пайдалана отырып жүзеге асырылса, ақшаны жөнелтушінің және алушының (бенефициардың) жеке сәйкестендіру кодтарын не егер ақша аударымы банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқаудың нөмірін;
ақша жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірін немесе мекенжайын (жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін (жеке тұлға үшін) қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген деректемелердің төлем құжатында болуын және олардың ақша төлеміне (аударымына) қатысушыға берілуін қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары шетелдік қаржы мекемесінен ақша төлемі мен аударымы түскен кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттың төлем құжатында болуын бақылайды, сондай-ақ банк шотын пайдаланбай ақша аудару бойынша алушыны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркейді және сақтайды.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің жария лауазымды адамдарды тиісінше тексеруі
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында аталған жария лауазымды адамдарға қатысты осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) клиенттiң (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осындай клиенттермен іскерлік қатынастар орнатуға, оларды жалғастыруға ұйымның басшы қызметкерінің жазбаша рұқсатын алуға;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шараларды қабылдауға;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын тұрақты негізде қолдануға міндетті.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингі субъектілері тәуекелдің жоғары деңгейі берілген, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдарға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына қатысты осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген шараларды қосымша қолдануға міндетті.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген адамдарды қоспағанда, жария лауазымды адамдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам өзінің өкілеттігін орындауды тоқтатқан күннен бастап осы баптың 2-тармағының ережелері жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына он екі ай бойы қолданылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды:
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде респондент - шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызметінің сипаты, оның ішінде оны тіркеген мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкциялар қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттамамен тіркеп-белгілеуге;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
2-1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының корреспондент банктің шоттарына тікелей қолжетімділігі бар клиентке тиісінше тексеру жүргізгені және оның корреспондент банктің сұратуы бойынша клиентті тиісінше тексеру жөнінде қажетті ақпарат бере алу мүмкіндігінің бар екені жөнінде растау алуға;
3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат жинау
1. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі туралы ақпарат, операцияға қатысушылар туралы ақпаратты қоса алғанда, операция туралы ақпарат және қажеттігіне қарай күдікті операцияны айқындау белгісі, қаржы мониторингіне жататын операция жөнінде қосымша ақпарат қамтылады.
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және күдікті операцияны айқындау белгілерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің сақтауына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері құжаттай тіркейді және уәкілетті органға бөлінген байланыс арналары арқылы қазақ немесе орыс тілінде электрондық тәсілмен береді.
Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты мынадай мерзімдерде:
осы Заңның 4-бабының 1-тармағы бойынша жасалған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей;
осы Заңның 4-бабының 3-тармағы бойынша осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде;
осы Заңның 4-бабының 5-тармағы бойынша клиенттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциясы танылған және осындай танылу нәтижелері тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.