2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан осы баптың 5-тармағына сәйкес берілген, аталған операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттілігі туралы шешім алынған жағдайда, уәкілетті орган осындай операцияның қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын күнтізбелік он бес күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығарады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және ол осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
Уәкілетті орган банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұруы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және осы шешімді берген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына хабарлайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Күдікті операцияны тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органның шешімі бойынша операция Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, осындай операцияны жүргізуге кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаған кезде жүргізілуге тиіс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, оларды тоқтата тұру, тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолдану, сондай-ақ іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту немесе іскерлік қатынастарды тоқтату тиісті шарттардың (міндеттемелердің) талаптарын бұзғаны үшін қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негіздер болып табылмайды.
Ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операцияларды тоқтата тұру және оларды тоқтатып қою мұндай тоқтата тұру және тоқтатып қою салдарынан туындаған залал, оның ішінде қолдан шығарып алған пайда үшін мемлекеттік органдардың азаматтық-құқықтық немесе өзге де жауаптылығының туындауына негіз болып табылмайды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау, ақпарат беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау, қаржы мониторингіне жататын операцияларды жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және қабылдау, оның ішінде даярлау және оқыту бағдарламаларын орындау бөлігінде сақтауын мемлекеттік бақылауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің АХҚО-ның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқығын сақтауын бақылауды АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен бірлесіп, қолданыстағы өзара іс-қимыл тетігі шеңберінде жүзеге асырады.
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7 (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилак- тикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бұқаралық ақпарат құралдарынан және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған деректерді талдау арқылы тек қана осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8 (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) беру бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, уәкілетті органның лауазымды адамдары бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ресімдейді және бақылау субъектісіне (объектісіне) жібереді.
4. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - бұзушылықтарды жою туралы көрсетілген нұсқаманың табыс етілгені (алынғаны) жөнінде белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта не курьерлік қызмет арқылы - нұсқаманың алынғанын тіркеу күнінен бастап;
3) жеке кабинет арқылы - қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетінен нұсқама алынған күннен бастап бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді (субъект (объект) алды) деп есептеледі.
5. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған бақылау субъектісі (объектісі) осындай нұсқаманы алған күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күні мерзімінде және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей, уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып хатты немесе анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі жоспарды ұсынуға міндетті.
6. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі (объектісі) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген(алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған қарсылықты уәкілетті органға ұсынуға құқылы.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты анықталған бұзушылықтарды жою туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып хатты немесе анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі жоспарды мерзімінде ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне тиісті бақылау субъектісін (объектісін) енгізуге негіздер болып табылады.
3-тарау. Уәкілетті органның құзыреті
15-бап. Уәкілетті органның міндеттері
Уәкілетті органның міндеттері:
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) - 5) тармақшалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, мемлекеттік органдардың осы қызмет бағытындағы жұмысын үйлестіру;
3) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру болып табылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Уәкілетті органның функциялары
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында уәкілетті орган:
2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асырады;
2) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
4) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жібереді;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 13-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне және 5-тармағына сәйкес күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұрған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін ақпарат береді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1) тармақша өзгертілді
5-1) жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары жіберілген ақпарат бойынша шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) осы Заңға сәйкес берілген ақпарат бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірыңғайлығын және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді;
9) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
10) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізеді;
12) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-1) тармақша жаңа редакцияда
13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-2) тармақша жаңа редакцияда
13-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 13-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 13-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 13-5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 13-5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 13-6) тармақшамен толықтырылды; 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 13-6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 13-6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 13-7) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 13-7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайларының (зайыптарының) және жақын туыстарының тізімін жүргізеді және тізімді жүргізу тәртібін айқындайды;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 13-8) тармақшамен толықтырылды
13-8) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ұйымдардың және жеке тұлғалардың қызметін талдау және мониторингтеу, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі практиканы, ұсыныстарды жинақтап қорыту туралы ақпаратты уәкілетті органға беру нысаны мен мерзімдерін белгілейді;
2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 13-9) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13-9) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударылуын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 13-7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 13-10) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
13-10) қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органынан сұрау салу келіп түскен кезден бастап төрт жұмыс күні ішінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы туралы ақпарат жібереді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган:
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұратып алуға;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысуы мүмкін ұйымдарды және (немесе) жеке тұлғаларды іріктеу өлшемшарттарын бекітуге;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) терроризмді, экстремизмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру белгілері бар операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімдерін жасауға және көрсетілген санаттағы тұлғалардың қызметіне терроризмді, экстремизмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан өз құзыреті шегінде талдау және мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, қаржы мониторингі субъектілеріне жіберуге;