3) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;
5) мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа тартуға, оның ішінде шарттық негізде тартуға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны немесе бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға құқылы.
7-1) 2024.05.07. № 113-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды қабылдауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) қаржы мониторингін жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 18-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен өзара іс-қимылы
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржы мониторингін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру үшін уәкілетті органға қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын қарауға және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде уәкілетті органға хабарлауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бақылау функцияларын жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу кезінде кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге;
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
6) қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін секторлық бағалауды үш жылда бір рет жүргізуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) дербес анықтаған кезде жеке және заңды тұлғалардың деректемелерін көрсете отырып, күдікті операциялар туралы, оның ішінде нарық бағаларынан көпе-көрінеу алшақ бағаларымен тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) экспорты (импорты) бойынша мәмілелер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) ұйымның немесе жеке тұлғаның жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты алған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар қабылдауға;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) дербес анықтаған кезде қаржы мониторингі субъектілерінің осы Заңның нормаларын бұзуы туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелері мен ресурстарынан мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынуға;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өз қызметі процесінде алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілері үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге және бекітуге;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан қаржы мониторингі субъектілерінің қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген құзырет шеңберінде осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың санкциясымен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимылға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген істер мен материалдар бойынша сұрау салуды жібереді.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сауалдарын орындауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы республикалық дерекқордағы қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттар шегінде, сондай-ақ шет мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдарынан алынған мәліметтер мен ақпарат шегінде жүзеге асырады.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен электрондық нысанда беріледі.
Уәкілетті органның, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа, сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерді алуы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртіп ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттері туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган осы Заңда көзделмеген тәртіппен бермейді.
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, белгіленген мерзімдерде міндетті түрде уәкілетті органға ұсына отырып жүзеге асырады.
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам, оның зайыбы (жұбайы) және жақын туыстары туралы мәліметтерді уәкілетті органға мұндай жария лауазымды адам Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органында немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде лауазымға сайланған немесе тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.
19-бап. 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 19-1-бап өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында іс-әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оларды тергеп-тексеру, сондай-ақ көрсетілген кірістерді тәркілеу бөлігінде уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары және шет мемлекеттердің тиісті органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының шет мемлекеттің тиісті органдарымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастығы сұрау салу және ақпарат алмасу арқылы өзара түсіністік қағидаттарында жүзеге асырылады.
19-2-бап. Уәкілетті органның шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен халықаралық ынтымақтастығы
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті органның шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастығы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғаларды, ұйымдар мен бенефициарлық меншік иелерін, басқа да байланысты қылмыстарды, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды анықтау, сондай-ақ осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) өзге мүлкін іздестіру мақсатында жүзеге асырылады.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган осы Заңға сәйкес алынған ақпаратқа талдау жүргізу кезінде, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратуға құқылы.
3. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес алынған Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуын орындау мақсатында уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан ақпарат, мәліметтер мен құжаттар сұратады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды іздестіру және (немесе) тоқтата тұру туралы сұрау салу жібереді.
Уәкілетті органның ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуын қанағаттандыру туралы шет мемлекеттің құзыретті органының жауабы алынған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органын және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын дереу хабардар етеді.
4. Уәкілетті орган сұрау салу бойынша алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды тек сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға құқылы.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарынан сұратып алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды олардың алдын ала келісімінсіз, шет мемлекеттің құзыретті органдары белгілеген шарттар мен шектеулерді бұза отырып үшінші тарапқа беруге немесе пайдалануға құқылы емес.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау туралы сұрау салулар келіп түскен кезде қаржы мониторингі субъектілерінің атына тиісті хабарлама жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері хабарламаны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтатып қою жөніндегі шараларды дереу қабылдауға міндетті.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша, олар сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда пайдаланылмайтын не уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін жағдайда жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуларын орындаудың басымдығын белгілей алады.
Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде, бірақ сұрау салу алынғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органдарына берілетін ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды пайдалануға қосымша шарттар мен шектеулер белгілеуге құқылы.
6. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда, егер:
1) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғаса, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтіретін болса;
2) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісін жүргізу барысына әсер ететін болса;
3) шет мемлекеттің құзыретті органы берілетін ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың қорғалуын қамтамасыз ете алмайды деп пайымдауға негіздер болса, шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.