Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы
Семей қалалық әкімдігінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 546 қаулысы
Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін күшейту, пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлерін өрттердің, сондай-ақ олардың ықтимал зардаптарының алдын алу жөніндегі ұйымдастыру техникалық іс-шараларды жүргізуге қатысуға тарту мақсатында, «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңының 8-бабы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2003 жылдың 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін тұрғын үйлердің өртке қарсы үлгілі жағдайы үшін өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы туралы ереже және өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және тұрғын үйлерді есепке алу бөлімінің бастығы С.Д. Әшеловке жүктелсін.
4. Қала әкімдігінің осы қаулысы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі
айлығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Өрт қауіпсіздігі айлығының негізі мақсаты азаматтардың меншігі мен жеке мүлкін өрттен қорғау болып табылады.
2. Айлық ұйымдастыру техникалық тапсырмаларды орындау, бұған жұртшылықты тарту, өрттердің алдын алуда оның рөлін күшейту, сондай ақ олардың ықтимал зардаптарын шектеу есебінен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған өрттің алдын алу жұмысының әсерлілігін жоғарылату мақсатында жүргізіледі.
2. Айлықты ұйымдастыру және өткізу