Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Осы Тұжырымдама мемлекеттің құқықтық саясат саласындағы тиісті бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын, Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары өздерінің стратегиялық жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде Тұжырымдаманың қағидаларын басшылыққа алсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы тамыздың 28-і.
№ 858
Президентінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 858 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы
1. Кіріспе