(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ 2007.30.05 № 12/0...

Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1, 14 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес карантиндік объктілердің таралу ошақтарын толық жою және оқшаулау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес шаруашылық субъектілерінің, елді мекендердің және басқа да объектілердің аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.

2. Қарағанды облысы аумағында карантиндік арамшөп - жатаған (қызғылт) кекіре ошақтарын шектеу, анықтау және толық жою жөніндегі тіркелген іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Х. Мұсатаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды облысының әкімі

Н.Нығматулин

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2007 жылғы 30 мамыр

№ 12/03 қаулысымен

бекітілген

 

Қарағанды облысы аумағында карантинді арамшөп-қызғылт

укекіре ошақтарын шектеу, оқшаулау және жою жөніндегі

ІС - ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№ р/с

Шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Орындау түрі

Орындалысына жауаптылар

1

2

3

4

5

Карантиндік шектеуге бағытталған шаралар (алдын-алу)

1.

Басқа аудандардан әкелінген импорттық немесе отандық тұқымды себуді және сатуды, сапалық құжаттарының баржоғына қарамастан, қосымша карантиндік тексеруден кейін жүзеге асыру.

себу алдында және себу барысында

Талдауға үлгілерді іріктеу, карантиндік тексеру актілерін жасау, өнімнің фитосанитариялық жай-күйін талдау.

ҚААИ бастықтары (келісім бойынша), «Фитосанитария» РМК Қарағанды облыстық филиалы (келісім бойынша)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.