Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндеті атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы» № 306-ө бұйрығына толықтырулар және өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 240-ө Бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө Бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы «Әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік ережелерін бекіту туралы» № 306-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылдың 23 желтоқсанында № 3985 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2006 ж., № 1, 199-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта:
3) тармақша «(ұйымдарда)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға, 1,5 жастан 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі»;
3-2) Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі;»;
аталған бұйрықпен бекітілген Балалар психоневрологиялық әлеуметтік-медициналық мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгі ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;