(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ 2009...

Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 130/2 қаулысы

(2009.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес, әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Павлодар қаласы әкімдігінің:

2008 жылғы 8 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 424/10 (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 12-1-110 тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінде 2008 жылғы 17 маусымдағы № 66, «Версия» газетінде 2008 жылғы 16 маусымдағы № 24 жарияланған);

2008 жылғы 27 мамырдағы «Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 641/13 (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 12-1-117 тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінде 2008 жылғы 30 тамыздағы № 97, «Версия» газетінде 2008 жылғы 7 шілдедегі № 27 жарияланған);

2008 жылғы 31 шілдедегі «Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 424/10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 494/18 (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 12-1-125 тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінде 2008 жылғы 9 қыркүйектегі № 100, «Версия» газетінде 2008 жылғы 8 қыркүйектегі № 36 жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қапеновке жүктелсін.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.