(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРІН...

Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін
жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің
2005 жылғы 22 қазандағы № 281 Бұйрығы

 

Осы редакция 2009 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Бертісбаев Н.Б.) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-Министрі Б.Е. Оразбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялануынан күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

В. Школьник

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика және минералдық

ресурстар министрінің

2005 жылғы 22 қазандағы

№ 281 бұйрығымен бекітілген

 

Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық

броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулық

 

І. Жалпы ережелер

 

1. Энергиямен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін (бұдан әрі - АТБ актісі) жасау жөніндегі нұсқаулық АТБ актісін жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 наурыздағы № 207 қаулысымен бекітілген авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау ережелері мен шарттарына сәйкес әзірленді.

2. АТБ актілері авариялық шектеулер мен электр энергиясы тұтынушыларын ажыратулардың кестелерін әзірлеуге арналған бастапқы құжаттары болып табылады.

3. АТБ актісін жасау энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкіліне және электр энергиясын тұтынушының өкіліне бірлесе отырып жүктеледі.

4. АТБ актісі үш данада жасалады және энергиямен жабдықтау шартына қосымша болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.