Қарағанды қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVI сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 171 шешімі
(2009.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XVIII сессиясының 2009.4.02. № 190 шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.24.04. № 204 шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 22 985 303 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 056 433 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 59 584 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 586 050 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 9 283 236 мың теңге;
2) шығындар - 23 171 498 мың теңге;
3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 496 000 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 496 000 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы - 682 195 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 682 195 мың теңге:
қарыздар түсімі - 850 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 440 000 мың теңге.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 272 195 мың теңге.
2. Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы XIII сессиясының «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 175 шешімімен Қарағанды қаласы бюджетіне келесі көлемдегі аудару нормативтері бекітілді:
жеке табыс салығы бойынша - 50 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша - 50 пайыз.