«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 470 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі № 1423 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 470 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі № 1423 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 470 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Даниал Кенжетайұлы Ахметовке» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.