«Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы» Қазақстан Ремпубликасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алкасының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 2ам-3-08 Қаулысынан үзінді

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы
Қазақстан Ремпубликасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алкасының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 2ам-3-08 Қаулысынан үзінді

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы судьялардың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісінің қатысуымен Астана қаласындағы Жоғарғы сот ғимаратында 2008 жылғы 18 маусымда өткізілген ашық сот мәжілісінде Алматы қалалық сотының 2007 жылғы шілде айының 11 күнгі қаулысына келтірілген жауапкершілікке тартылған Қ. мен Қ.-ның жеке шағымдары бойынша келіп түскен қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Алматы қалалық сотының 2007 жылғы шілде айының 11 күнгі қаулысымен 1958 жылы мамыр айының 22 жұлдызында туылған Қ. және 1949 жылы сәуір айының 07 жұлдызында туылған Қ. - әрқайсысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (ӘҚБтК) 513-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық әрекетін жасаған деп танылып, әрбіріне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 10 920 теңге айыппұл төлеу шарасы қолданылған.

Шағымында Қ. мен Қ. Алматы қалалық сотының 2007 жылғы 11 шілдедегі оларды әкімшілік жазаға тарту жөніндегі қаулысын заңсыз деп, оны бұзуды, әкімшілік істі өндірісімен қысқартуды сұраған.

Шағымда келтірілген дәлелдерге қарсылығын білдіріп, соттың қаулысын бұзуға себеп жоқ деген Бас прокурордың көмекшісінің пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Алматы қалалық сотының Қ. мен Қ. жөніндегі қаулысы төменде көрсетілген жағдайларға байланысты күшінде қалдыруға жатады деп тапты.

Қ. мен Қ. өз шағымында соттың оларды ӘҚБтК-нің 513-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тарту жөніндегі қаулысы заңсыз екендігін көрсеткен.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.