«Интергаз Центральная Азия» акционерлік қоғамының 2009 жылына арналған магистральдық құбырлардағы энергияның техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушысының 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 116-НҚ Бұйрығы

 «Интергаз Центральная Азия» акционерлік қоғамының 2009 жылына арналған магистральдық құбырлардағы энергияның техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушысының
2009 жылғы 6 сәуірдегі № 116-НҚ Бұйрығы

 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесінің 26-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 12 қаулысының негізіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Интергаз Центральная Азия» акционерлік қоғамының 2009 жылына арналған магистральдық құбырлардағы энергияның техникалық және технологиялық нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты басшылыққа алсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.