Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын
шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да
қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысы
(2008.18.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесi бекiтілсiн.