«Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 шілдедегі № 295 Бұйрығы (күші жойылды)

Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 шілдедегі № 295 Бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды

 

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына, 9-бабының 2-тармағына және 11-бабының  4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған, жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органының осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Баймұратов Ә.Е.) заңнама тәртібінде белгіленген:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Есекеев

 

Келісілген:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

_____________ 15 шілде 2009 жыл

 

 

Досқалиев Ж.А.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.