Қаржылық есептіліктің тізбесі, ұсыну мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ
екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының
қаржылық есептілігін жариялау мерзімдері туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы № 11 Қаулысы
(2009.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.20.07 № 82 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.20.07 № 82 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 8-бабына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 54 және 55-баптарына, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.20.07 № 82 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Еншілес ұйымдары жоқ екінші деңгейдегі банктер және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банктер) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде Халықаралық қаржылық есеп стандарттарында және осы қаулының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес жасалған, аудиторлық ұйым растаған, қағазға басып шығарылған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) ұсынсын.