Мұнайды есептеу торабының және құбыр піспекті қондарғылардың өлшем құралдарын
таңбалау
ҚРСТ 2.150-2008
Мазмұны
4. Белгілеулер және қысқартулар
6. Салыстырып тексеру таңбаларын басу тәртібі
7. Бақылау таңбаларын басу тәртібі
Б қосымшасы (міндетті). МСӨЖ және ҚСҚ өлшем құралдарына таңбалардың оттисктерін басу орны
Г қосымшасы (анықтамалық). Библиография
Осы стандарт мұнай сапасының мөлшері мен көрсеткішін (МСӨЖ) өлшеу жүйелерінің және салыстырып тексеруші қондырғылардың, сондай-ақ олардың жабдықтарының құрамына кіретін өлшем құралдарына таралады және салыстырып тексеру және бақылау таңбалардың оттисктерін басу орындарын және тәртібін, пломбалау және пароль қою, парольдерді сақтау орындарына рұқсат тәртібін белгілейді.
Осы стандарттың талаптары МСӨЖ пайдаланатын кәсіпорындарға, сондай-ақ МСӨЖ метрологиялық және техникалық қызмет көрсетуді ске асыратын кәсіпорындарға таралады.
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
ҚР СТ 2.1-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Терминдер және анықтамалар.
ҚР СТ 2.62-2003 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Мұнай сапасының мөлшерін және көрсеткішін өлшеу жүйелері. Жалпы талаптар және қолдану тәртібі.