«Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 351 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 166 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 351 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 131 және ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 765 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 170-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған есептілікті табыс ету тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды анықтау ережесі бекітілсін.

2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа және Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының «Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс ету ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 16 наурыздағы № 36 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 наурызда № 3519 тіркелген).

5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         

Қазақстан Республикасы Экономика

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.