Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың
тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 2 қыркүйек № 1292
(ҚР Үкіметінің 2005.21.07 № 761 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулық қосымшаларымен бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 258-құжат);
2) "Тұрғын үй-жайды жалдаудың үлгі шарты мен тұрғын үй-жайды жалға берудің үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 259-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Н.Балғынбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1292 қаулысымен
бекітілген
Нұсқаулық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан
үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібi туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулық "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын дәйекті iске асыру мақсатында әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер