«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудегі және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1484 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудегі және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1484 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудегі және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеудегі және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов