Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық «Цефимед (Cefimed)» «Цефиксим (Cefixime)» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 06 наурыздағы № 40 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2008 жылғы 06 наурыздағы

№ 40 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
нұсқаулық
Цефимед (Cefimed)

 

Саудалық атауы

Цефимед (Cefimed)

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефиксим (Cefixime)

 

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

 

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

 белсенді зат -  200 мг цефиксим тригидраты

 қосымша зат- микрокристалдық целлюлоза, кремний диоксиді, лактоза моногидраты, натрийкроскармеллоза, магний стеараты

қабығы: поливинилді спирті, титаннның қос тотығы, тазартылған тальк, лецитин, ксантан қара майы.

 

Сипаттамасы

Сопақ, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған екі беті дөңес ортасында бөлгіш сызығы бар таблеткалар.

 

Фармакотерапевтическая группа

Бактерияға қарсы жүйелі әсер етуге арналған препараттар, цефалоспориндер және  тектес субстанциялар.

АТЖ коды   - JO1DA23

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдаудан кейін цефиксим баяу сіңеді, қан сарысуындағы барынша жоғары деңгейіне қабылдаудан кейін 2-6 сағат өткенде жетеді.200 мг немесе 400 мг бір реттік ішетін дозаны қабылдаған кезде препараттың сарысудағы концентрациясы тиісінше  1-4мг\мл-ге немесе 1,9-7,7мг\мл-ге жетеді. Биотиімділігі 40% - 50% құрайды, тамақтану сіңуіне әсер етпейді. Цефиксим таралу көлемі 0,6 - 1,1л/кг бола отырып, плазма ақуыздарымен 50% - 65% байланысады.

Гемато-энцефалиялық кедергіден нашар өтеді, плацента арқала өтеді, омырау сүтімен бөлініп шығады.

Дозаның шамамен 50% несеппен, 5% өтпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 3-4 сағатты құрайды, орташа бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында бұл кезең шамамен 6 сағатқа дейін, елеулі бүйрек жеткіліксіздігінде 11 сағатқа дейін ұзарады.  

Фармакодинамикасы

Үшінші буынның әсер ауқымы кең цефалоспориндік антибиотигі, бактерицидті әсер етеді.

Аэробтық және анаэробтық грамоң және грамтеріс патогендік флораларға әсер етеді. Цефиксимнің бактерицидтік әсері бактериялар жасушалық қабырғаларының синтезін тежеуге негізделген.

Цефимедтің бета-лактамазалар әсеріне төзімділігі жоғары.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.