«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы»
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1537 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы
хаттамаға қол қою туралы
Бекітілді - ҚР Президентінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 880 Жарлығын қара
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының атынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қойсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті