«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1540 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1540 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:

17-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.